Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет119/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Қ-қ-қ-қ – лақ-лақ-лақ, Ақ лақ.
Қ-қ-қ- қ – лақ-лақ-лақ- Қара лақ.

Сергіту сәті


Тіктеп титтей құлағын, Ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын, Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын, Ойнақтайды ботақан. Таудан тасқа шұнағым, Секеңдейді лағым.

Балалар ертегіні сахналайды.


Санамақ арқылы қасқыр, түлкі және лақтардың рөлдері бөлінеді. Балалар қалпақтарды киеді. Автордың сөзін педагог айтады.
Педагог: Ақ лақ пен қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді.
Қара лақ:
Сен Ақ Лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Педагог: Ақ лақ әрі ойланып, бері ойланып, жүрген жерлерін еске түсіреді де жүгіре жөнеледі, алдарынан түлкі шыға келеді.
Түлкі:

  • Әдемі лақтар, менің үйіме қонақ болып кетіңдер.

Ақ лақ:

  • Түлкі, бізді Қасқыр қонаққа шақырды. Бізбен бірге жүр.

Педагог: Түлкі лақтарға еріп жүреді, алдарынан ақырып Қасқыр шыға келгенде Түлкі қашып кетеді.
Қасқыр:

  • Р-р-р, менің қарным аш, сендерді жеп қоям!

Ақ лақ:

  • Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр.

Қара лақ:

  • Бәәәә, Арыстанды қара.

Педагог: Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады. Қасқыр:

  • Бәлесінен аулақ. Бар жандарыңның барында кетіңдер, түге! Педагог:

    • Қасқыр қаша жөнеледі.

Ақ лақ, Қара лақ:

    • Алақай!!!

Педагог: осылайша қорықпаған екі лақ, қырды асып өз үйірлерін табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет