|
|
бет | 116/171 | Дата | 21.04.2023 | өлшемі | 364,14 Kb. | | #85252 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: 0 НОВЫЙ КТП Негізгі кезең
Үнтаспадан жануарлардың дауыстары естіледі.
Мәтін оқу. «Адам жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысықты күтіп-баптап өсіреді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқы –
көлік, оны арба мен шанаға жегеді. Жылқының сүтін ашытып, қымыз жасайды. Қымыз – сусын. Сиыр, қой, түйе, ешкінің сүті мен еті – тамақ. Қой, түйе, ешкі жүнінен киім және тағы да басқа тұрмыстық заттар жасалады».
Мәтінде қандай таныс сөздер бар?
Қой, түйе, сиыр, ешкі, жылқы.
Үй жануарларының пайдасы қандай?
Үй жануарларының еті мен сүті бізге тамақ болады. Жүнінен киім т.б. заттар жасалады.
Адамдар үй жануарларын қалай күтеді?
Адамдар қойға, түйеге, сиырға, ешкіге, жылқыға шөп, су береді.
Жаңа сөздермен танысу.
Үй жануарларының төлдері бар.
Демонстрациялық материалдар және қима материалмен жұмыс.
Мынау – құлын. Мынау не?
Мынау – құлын.
Құлын кішкентай.
Құлын қандай?
Құлын кішкентай.
Мынау – бұзау. Мынау не?
Мынау – бұзау.
Бұзау кішкентай.
Бұзау қандай?
Бұзау кішкентай.
Мынау – қошақан. Мынау не?
Мынау – қошақан.
Қошақан кішкентай.
Қошақан қандай?
Қошақан кішкентай.
Мынау – бота. Мынау не?
Мынау – бота.
Мынау – лақ. Мынау не?
Мынау – лақ.
Лақ кішкентай.
Лақ қандай?
Лақ кішкентай.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды.
Педагог сөздерде ұ дыбысының дұрыс айтылуына назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|