Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет122/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Сергіту сәті




Педагог тақпақ оқиды.
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың?


Малдың баласын сүюі


Қой сүйеді баласын: «Қоңырым», – деп, – Ештеңені білмейтін момыным», – деп.
Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым, – деп, – Қараңғыға баспайтын қорқағым», – деп.
Түйе сүйеді баласын: «Боташым, – деп, – Жәудіреген көзіңнен, тоташым», – деп. Ешкі сүйеді баласын: «Лағым, – деп, –
Тастан тасқа секірген шұнағым», – деп.
Жылқы сүйеді баласын: «Құлыным», – деп, – Тұлпар болып жүгірер жұлыным», – деп.
Педагог оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Таныс сөздерді атау: қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, бала. Мамаларың сендерді не деп еркелетеді? (Балалардың жауаптары). Мен ботақаным, құлыным, қозым – деп еркелетемін.
Ата-әже, аналар балаларын осылай еркелетеді.

Жұмыс дәптермен жұмыс.


  1. Суретке қара. Аулада нелер болады? Шағын мәтін құра.

  2. Сурет қара. Сәуле мен Арман не істеді? Сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  3. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Саған не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 49


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар.
Мақсаты: жабайы жануарлардың қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақ қойып, оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру.

Дамытушылық міндеті: жаңылтпаш, ойындар арқылы тіл байлықтарын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және дикцияны дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет