Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Қолданады: сөздерді дұрыс қолданады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар



бет64/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Қолданады: сөздерді дұрыс қолданады, сұрақтарға жауап береді.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ойыншық құрылыс материалы немесе LEGO, интербелсенді тақта, қима материал, жұмыс дәптері, фишкалар. Билингвалды компонент: пәтер – квартира, бөлме – комната, қонақ бөлме – гостиная, дәліз

  • коридор, асүй – кухня.



ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Жыл мезгілін, апта күнін сұрақтар арқылы анықтау.
Өткен «Жақсы өнеге» тақырыбын қайталау. Ойын: «Ғажайып сөздер». Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
    1. Негізгі кезең


Ойын «Сұрақ-жауап»

      • Сен қай Республикада тұрасың? (Қазақстан Республикасында тұрамын.)

      • Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады)

      • Қай көшеде тұрасың? (Өз көшелерін айтады).

      • Қандай үйде тұрасың? (Үлкен, кішкентай үйде тұрамын).

      • Үйдің нөмірі қандай?

Педагог екі баланы шақырып, ойыншық құрылыс материалы немесе LEGO-ны пайдаланып, бірқабатты немесе көпқабатты үй тұрғызуға тапсырма береді.

      • Мынау қандай үй?

      • Мынау – көпқабатты үй.

      • Мынау бірқабатты үй.

      • Кім көпқабатты үйде тұрады?

      • Сен нешінші қабатта тұрасың?

Бірнеше бала жауап береді.

      • Көпқабатты үйде пәтерлер бар.

Сурет бойынша жұмыс.

    • Мынау – пәтер. Мынау не?

    • Мынау – пәтер (жеке-жеке жауап береді).

    • Пәтерде (үйде) бөлмелер бар. Мынау – бөлме.

    • Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме бар?

Бөлмелерді санайды.
Суреттер арқылы әр бөлме (балалар бөлмесі, дәліз, асүй ) қалай аталатынын айтады. Ондағы таныс заттарды естеріне түсірту.

    • Мынау – дәліз. Дә-ліз. Дәліз үлкен. Дәлізде шкаф тұр. Шкафта нелер болады? (Киім).

    • Мынау – балалар бөлмесі. Балалар бөлмесінде нелер бар? (Ойыншықтар, кітаптар).

    • Мынау қандай бөлме?

    • Мынау – асүй. Мынау – ...

    • Асүйде нелер бар? (Орындықтар, үстел, ыдыс ...)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет