Біз әдепті баламыз, Ойнап асыр саламыз. Айтқан тілді аламыз, Сәлем беріп үлкенге, Жол көрсете аламыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерге қара. Сыпайы сөздерді қай кезде айтады? Суреттерді сәйкес сөздермен қос. Сөйлем құра.
Мақал-мәтелдерді жаттап ал.
Әдептілікті данадан үйрен.
«Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Ойын «Сұраққа жауап бер».
Сен әдепті баласың ба?
Иә. Мен әдепті баламын.
Досыңды ренжітсең, кешірім сұрайсың ба?
Иә. Досымды ренжітсем, кешірім сұраймын. т.б
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма қызықты болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген
білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№20
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі
.
Тақырыбы: Менің пәтерім (үйім)
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Неше? нешінші? сұрақтарына жауап беруге жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өз үйіне деген жылы сезімдерін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерін айтады, сөйлем құрастырады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, дұрыс толық жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: