Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, жаңылтпашты қайталайды. Түсінеді



бет60/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: мамандық атауларын қазақша атайды, жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материалдар, мамандықтар (слайд), жұмыс дәптер, қарындаштар, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: кім болып істейді? – кем работает?, ұшқыш – летчик, ғарышкер – космонавт, құрылысшы – строитель, сатушы – продавец, дәрігер – врач, ұшады – летает,
емдейді – лечит, салады – строит, сатады – продает.


ҰОҚ барысы


        1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Таңертең тұр шынық, Еңбек ет те тынық.
Ешбір жалқау болма, Ауырмайсың сонда.
Ә.Тобылды
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?! Біз сендерге доп әкелдік, ойын ойнаймыз.

Өткен «Мен және менің достарым» тақырыбы бойынша үйренген сөздерді қайталау. Ойын:
«Ыстық доп». Сұрақ-жауап алу. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
        1. Негізгі кезең


Слайд: «Мамандықтар». Мамандықтарды суреттермен таныстырады. Бейнетаспа арқылы жаңа сөздермен таныстыру.

  • Мынау – ұшқыш. Мынау кім?

  • Мынау – ұшқыш.

  • Мынау – ғарышкер. Мынау кім?

  • Мынау – ғарышкер.

  • Мынау – дәрігер. Мынау кім?

  • Мынау – дәрігер.

  • Мынау – құрылысшы. Мынау кім?

  • Мынау – құрылысшы.

  • Мынау – сатушы. Мынау кім?

  • Мынау – сатушы. Балалар сөздерді қайталайды.

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ұ-ұ-ұш- ұш-қыш – ұшқыш. Ә-ә-ә-дә-рі-і-і-гер – дәрігер.
Қ-қ-қ-ұ-ұ-құ-құр-ыл-ыс-шы – құрылысшы. Ғ-ғ-ғ-ғ- ға-ға-рыш-кер- ғарышкер.
Ойын: Кім не істейді?
Ұшқыш ұшады. Ғарышкер ұшады. Дәрігер емдейді. Құрылысшы үй салады. Сатушы сатады. Балалар сөйлемдерді қайталайды.
«Кім болып істейді?» сұрағымен таныстырады. Ата-аналарының кім болып істейтінін сұрайды.

  • Сенің әкең кім болып істейді? Сенің анаң кім болып істейді?

Балалар Менің есімдігін жауаптарында қолданады. Ата-аналарының мамандықтарын атайды.

  • Менің әкем құрылысшы болып істейді.

  • Менің анам дәрігер болып істейді. Жаңылтпашпен таныстыру.

Ұшқыш меңгергенді Дәрігер меңгере ала ма? Дәрігер меңгергенді Ұшқыш меңгере ала ма?
Жаңылтапшты қатты және ақырын әрі жылдам айтқызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет