Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет61/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   171

Сергіту сәті


Орнымыздан тұрамыз, Аяқты нық басамыз.
Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып аламыз.
Бала, бала, баламыз Бақшамызға барамыз, Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1.Мамандықтарды ата. Олар не істейді? Сөйлем құра. Кімге қандай құрал керек? Сызып қос. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3.Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. Сендерге не ұнады? Қызықты болды ма? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№19


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жақсы өнеге.
Мақсаты: қазақ тіліндегі сыпайы сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Білімділік міндеті: сыпайылықты білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру, оларды күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру,
артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: балаларды сыпайылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:


Жасайды: сыпайы сөздер мен сөйлемдерді айтады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды, сыпайы сөздер мен сөйлемдерді түсінеді.
Қолданады: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді, жай сөйлеммен жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жұмсақ ойыншықтар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: жақсы өнеге – хорошие манеры, әдепті – воспитанный, рақмет – спасибо, кешіріңіз – извините, өтінемін – пожалуйста.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет