Мақсаты: педагогті тыңдау арқылы есте сақта мен зейінін жетілдіру.
Білімділікміндеті: апта күндерінің қазақша атауын дұрыс айту, есте сақтауға үйрету.
Дамытушылық міндеті:жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, сөздік қорларын дамыту. артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту.
Тәрбиелікміндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
15
Менің отбасым
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Білімділік міндеті: отбасы мүшелерінің атын қазақша айтуға, сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, тақпақ, мақал-мәтел жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана
білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді
дамыту. Тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелікміндеті: үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
16
Ғажайып алаң
Мақсаты:қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру, отбасы тақырыбын қайталау, бекіту.
Білімділік міндеті: отбасы мүшелерінің атын қазақша айтуға, сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету,
диалогке қатысуға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді
дамыту.
Тәрбиелік міндеті:үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.