Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан қауіспіз әлемде»



Дата15.06.2023
өлшемі17,39 Kb.
#101713
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан қауіспіз әлемде» жобасы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік.Оқушылардың сұрақты саналы түрде түсініп, толық жауап беруін талап ету. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту, өткен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құра алуға дағдыландыру.
Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту; лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Туған өлкесіне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Пән аралық байланыс: тарих, геогрфия
Сабақтың әдістері:, сұрақ - жауап, аудару,
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, кесте, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг.
Психологиялық ахуал. «Амандасамыз»
Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.
Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір - бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, амандасу, қолмен..., көзбен, иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен.
Бағалау парақтарын тарату.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сөздік, 5-тапсырма 99 бет. Сұрақ-жауап ІІІ. Жаңа сабақ. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
(мақалды қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөле отырып, бірнеше рет оқып шығамыз.)
- Бұл мақал не туралы? ( мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.)
- Бұл мақал Отан туралы - деп оқушылар жауап береді.
- Ендеше, балалар біздің Отанымыз қай Республика? - деп мұғалім сұрақ қояды.
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы - деп балалар жауап береді.
- Біз бүгін сабақта Қазақстан Республикасы Отанымыз туралы әңгімелесеміз.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.
1-тапсырма. Мәтінге сұрақ құрастыру.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау. 93 бет
3-тапсырма. Тірек сөздер арқылы 1 шумақ өлең құрастыру.
- Қазақстан!
- Қазақстан!
— Қазақстан!
— Қазақстан!
Ү.БЕКІТУ.
4-тапсырма. ПОСТЕР. «Қазақстан болашақта»
Критерий бойынша бағалау.
Көркемдігі-2 балл
Мазмұны( 10 сөйлем) -5 балл
Қорғау(3 спикер)-3 балл
5-тапсырма. ТЕСТ грамматика қайталау.
ҮІ. РЕФЛЕКСИЯ:
БОС МИКРОФОН.
ҮІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
4-тапсырма. Хабарлама дайындау.
ҮІІІ БАҒАЛАУ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет