Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Неше? нешінші? сұрақтарына жауап беруге жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өз үйіне деген жылы сезімдерін арттыру.
Мақсаты: шағын мәтін құруға жаттықтыру.
Білімділікміндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ретін сақтай отырып сөйлем құрауға
жаттығуды жалғастыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және
дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: бөлмесін жинап жүруге тәрбиелеу.
Мақсаты: Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік міндеті: педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру. Отан туралы тақпақ үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын
жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.