Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет83/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   171

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: ертегіні сахналайды.
Түсінеді: ертегінін мазмұнын түсінеді.
Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Қолғап» ертегісі,
қыс мезгілі туралы слайд (интербелсенді тақтада), ертегіні бейнелеген сурет, кейіпкерлердің бетперделері, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: ертегі – сказка, қолғап – варежки, тышқан – мышь, бақа – лягушка.


ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Аспан болсын көгілдір, Жайнай берсін бұл өмір. Ақ мамық қар жауып, Біз аққала жасаймыз.



Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Қима материалмен жұмыс. Суреттер бойынша «Қыс қызығы» тақырыпты қайталау. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды, сөйлем құрастырады. Балалар әр дұрыс жауап үшін
фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
    1. Негізгі кезең


Педагог: Балалар, қандай ертегі білесіңдер? Қандай ертегі ұнайды?
Бүгін сендерге қуыршақтар – Сәуле мен Арман «Қолғап» ертегісін сыйлық ретінде алып келді.
Педагог суреттің көмегімен «Қолғап» ертегісін балаларға айтып береді.

  • Ертегі ұнады ма?

  • Ертегіде кімдер бар?

  • Мынау – қолғап.

  • Мынау не? (Қолғап).

  • Бірінші кім келді? (Тышқан)

  • Тышқан қандай?

  • Тышқан кішкентай.

  • Екінші? (Бақа)

  • Бақа не деді?

  • Бақа не істейді?

  • Тышқан не деді?

  • Соңғы кім келді? (Аю)

  • Барлығы неше болды? (6)

  • Аю қандай?

  • Аю үлкен.

  • Аю қалай жүреді?

Сұрақтар беру арқылы кейіпкерлер сөзін мәнерлеп қайталату арқылы тілдерін жетілдіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет