Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтер мына қолғаптан.
Балаларға кейіпкерлердің бетперделерін таңдап ойнауды ұсынады. Ертегіні сахналау.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Ертегідегі кейіпкерлерді ата. Қай жануардан кейін қайсысы келді? Цифрмен көрсет.
Біріншітышқанкелді. Сыңарын тап. Сызықпен қос. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Білімберусаласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі. Тақырыбы: «Саяхатшы» ертегісі.
Мақсаты: ертегіні сахналау, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділікміндеті: сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу, өз ойларын
дұрыс жеткізе білу дағдыларын және сөйлеу мәдениетін дамыту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын, ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтуды дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: өз сөзін интонациямен жеткізе алады, ертегіні сахналайды.
Түсінеді: ертегінің мазмұның түсінеді.
Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлер (ойыншықтар) , кейіпкерлердің басқа киетін бейнелері, жұмыс дәптері, фишкалар.