Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет84/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   171

Сергіту сәті.


Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтер мына қолғаптан.
Балаларға кейіпкерлердің бетперделерін таңдап ойнауды ұсынады. Ертегіні сахналау.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Суретке қара. Ертегідегі кейіпкерлерді ата. Қай жануардан кейін қайсысы келді? Цифрмен көрсет.

Бірінші тышқан келді.

  1. Сыңарын тап. Сызықпен қос. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  2. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Ертегі сендерге ұнады ма?
Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайлик арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтармен қоштасамыз.

№ 31


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Саяхатшы» ертегісі.
Мақсаты: ертегіні сахналау, диалогке қатысуға үйрету.
Білімділік міндеті: сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу, өз ойларын
дұрыс жеткізе білу дағдыларын және сөйлеу мәдениетін дамыту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын, ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтуды дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: өз сөзін интонациямен жеткізе алады, ертегіні сахналайды.
Түсінеді: ертегінің мазмұның түсінеді.
Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлер (ойыншықтар) , кейіпкерлердің басқа киетін бейнелері, жұмыс дәптері, фишкалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет