Слайд: «Менің Отаным». Жаңа сөздермен таныстыру: менің Отаным, тәуелсіз, мемлекет. Менің Отаным - ме-нің О-та-ным.
Тәуелсіз - ә-ә -ә – тә-уел-сіз – тәуелсіз Мемлекет – мем-ле-кет, мемлекет.
Педагог балалармен суреттер арқылы сөздерден сөйлем, шағын мәтін құрау.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан мемлекетінің Президенті бар. Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. (Балалар сөйлемдерді, мәтінді қайталайды).
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог орыс тілінде сөздерді айтады, балалар аударады. Моя Родина – Менің Отаным.
Независимый – тәуелсіз. Государство – мемлекет. Тақпақ жаттау.
Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың.
Е. Өтетілеуұлы
Педагог тақпақты 2-3 рет қайталап айтады. Балалар жаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |