Мақсаты: киімінің қазақша атауларын еске түсіру, жаңа атаулармен таныстыру;
Білімділік міндеті:сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Киімдерін меншіктеп айта алуға үйрету. Киімдерді жекеше және көпше түрде айта алуға үйрету.
Дамытушылық міндеті:сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын дамыту. Артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелікміндеті: киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: киімдерін меншіктеп және жекеше және көпше түрде айтады.
Түсінеді: киім атауларын түсініп, дұрыс көрсетеді.