Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
Ұ-ұ-ұ-ұ- шұұ-лық – шұлық
І-і-і-і- жем-жем-піір- жемпір
Қима материалдар арқылы меншіктеп айтып жаттығу.
Менің жейдем ақ. Менің жемпірім көк. т.с.с.
Сергіту сәті.
Жаттығу жасаймын 1 – 2 – 3, 1 – 2 – 3,
Сымбатты боламын. Айнаға қараймын
Шашымды тараймын. Әдемі көйлек киемін Таза болып жүремін.
Қима суреттермен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Қайтала, көрсет».
Педагог киімдердің атауларын жекеше, көпше түрде және олардың түр-түстерін атайды. Балалар сөздерді қайталап, сөзге сәйкес суретті көрсетеді.
Мысалы: көйлек, көйлектер, сары көйлек, қысқа жең жейде.
Достарыңызбен бөлісу: |