Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет177/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   300
Байланысты:
null

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері

Біз кішкентай баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.



Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?! Ойын ойнауға шақырады. Өткен «Тазалықты сүйеміз» тақырыпты қайталау.

Қима материалмен жұмыс. Педагог заттарды атайды, балалар суреттерді көрсетеді. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
  1. Негізгі кезең


Қуыршақ Сәуле балаларға тәулік бөліктерін атауды ұсынады. Балалар жауап береді: таң, күн, кеш, түн.

Жаңа сөздермен таныстыру.


Арман мен Сәуле диалог жүргізеді.

  • Сәуле, сен таңертең не істейсің?

  • Мен таңертең тұрамын.

  • Таң-ер-тең- ң тұ-ұ-ұ-ра-мын. Таңертең тұрамын (айнамен жұмыс).

  • Бе-ті-і-ім-ді-і-і жуа-мын – бетімді жуамын.

  • Ті-с-і-і-ім-ді-і-і та-за-лай-мын – тісімді тазалаймын.

  • Ша-шым-ды та-рай-мын – шашымды тараймын.

  • Жат-ты- ғу жа-сай-мын - жаттығу жасаймын.

  • Ки-і-м-і-і-м-д-і-і-і ки-е-мі-і-і-н – киімімді киемін.

  • Содан кейін анаммен балабақшаға барамың.

Балалар қуыршақтардың (педагогтің) соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды. Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Үлестірмелі материалдардың көмегімен сөйлемді толықтырады.

Таңертең ... (тұрамын).

Бетімді ... (жуамын).

Тісімді ... (тазалаймын).

Жаттығу ... (жасаймын). Шашымды ... (тараймын). Киімімді ... (киемін).

Балабақшаға ... (барамын).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет