Жаңылтпаш қайталау.
Шеше, неше кесе сынды кеше?
Қатты, ақырын, жай және жылдам қайталап айту.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1. Суретте қандай дүкен бейнеленген? Дүкенде нелер бар?
Кім не сатып алды? Арманның әжесі қандай кесе сатып алды? Неше кесе? Сәуленің анасы не сатып алды?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Ең қызық қай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№42
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Азық-түлік
Мақсаты: азық-түліктің қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын тағам атауларымен молайту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен
байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ас қадірін білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |