Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Сабақта не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 64
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Киіз үй.
Мақсаты: киіз үй жабдықтарының қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: киіз үйі оның ішіндегі кейбір заттар туралы сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді байланыстырып сөйлеуді, артикуляциялық аппаратты дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |