Жасайды: тақырыпқа байланысты сөздерді, мәтінді қайталайды.
Түсінеді: киіз үйде қазақ ұлттық заттар болатынын түсінеді.
Қолданады: қазақ ұлттық заттарды таниды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Киіз үй» суреті, ұлттық бұйымдар немесе суреттері, үнтаспада домбыра күйі, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: киіз үй – юрта, сандық – сундук, сырмақ – сырмак, алаша – алаша, жүн – шерсть, домбыра – домбра.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Жайлауда» тақырыпты қайталау. Жаңылтпашты естеріне түсіріп қайталайды.
Малға шөп керек, Шөп көп керек, Көк шөп керек.
Фланелді тақтада «Жайлау» суретін құрау.
Берілген сөздерден сөйлем құрастырады: шөп, көп, жайылады, үй жануарлар, жейді, таулар, өзен, киіз үй.
Жайлауда шөп көп. Жайлауда үй жануарлары жайылады. Олар шөп жейді. Жайлауда таулар, өзен, киіз үй бар.
Достарыңызбен бөлісу: |