Жасайды: мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады, ертегілердің кейіпкерлерін таниды, атайды.
Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді.
Қолданады: білетін сөздерін қолдана біледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жыл мезгілдерінің суреттері, Ерден ата әні, үнтаспа, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сандық, түрлі түсті асықтар, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: кейіпкер – персонаж, бай – богач, тапқыр – находчивый, мейірімді – добрый, сараң – жадный.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
«Жаз қызығы» өткен тақырыпты қайталау. «Жазда не істейді?» сұраққа жауап беру. Педагог суреттер көрсетеді, балалар жауап береді.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |