Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет284/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   300
Байланысты:
null

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?

Суреттер бойынша өткен «Алақай, жаз келді!» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. «Жазда не болады?» сұраққа жауап беру. Балалар сөйлеммен жауап береді.

Жазда ыстық болады. Жазда гүлдер көп. Жазда жидектер піседі. Жазда кемпірқосақ болады.

Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.


  1. Негізгі кезең


Демонстрациялық материалмен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады.

    • Жазда күн ыстық. Ыстық, ыс-тық. Жазда күн қандай?

    • Жазда күн ыстық.

    • Жазда не істейді? (Сөйлемді жеке жеке қайталату).

    • Жазда суға шомылады. Шо-мы-ла-ды.

    • Жазда не істейді?

– Жазда күнге қыздырынады. Жазда не істейді?

– Жазда адамдар демалыс алады.

– Жазда не істейді?

– Жазда балалар ойнайды.

Шағын мәтін құру үлгісі. Жазда күн ыстық. Жазда анам, әкем демалыс алды. Біз суға шомылдық. Күнге қыздырындық. Жазда мен доппен ойнаймын. Секірпемен секіремін. Маған жаз ұнайды.

Балалар мәтінді қайталайды.

Ойын: «Ғажайып дөңгелек».

Дөңгелек бөліктеріндегі түстерді педагог ретімен көрсетеді, сұрақтар қояды: Қандай түс? Қай жыл мезгілі?

Көрсеткен түске сәйкес балалар жыл мезгілін: ақ – қыс, сары – күз, қызыл – жаз, жасыл – көктем, айларын айтады.

Жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтады:

– Күзде жеміс, көгөніс піседі.

– Қыста шана, шаңғы тебеміз.

– Көктемде құстар ұшып келеді, ағаштар гүлдейді.

– Жазда күн ыстық, жидектер піседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет