Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет103/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Педагог балаларға балабақшаның суретін көрсетіп, сұрақтар қояды.

  • Мынау не?

  • Бұл – балабақша.

  • Балалар қайда келді?

  • Балалар балабақшаға келді.

  • Балалар не істеп жүр?

  • Балабақша ауласында ойнап жүр.

  • Саған балабақшада көңілді ме?

  • Иә, балабақшада көңілді. Балабақшада балалар көп. Олар бір-бірімен дос.

  • Дос, дос-ы-ң, се-н-і-ң до-сың. Ме-н-і-ң до-сым.

Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздерді қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.

  • Артем, сен кіммен ойнайсың? Артем, Арлан сенің досың ба?

  • Иә. Менің досым – Арлан.

  • Артем, Арлан – достар.

  • Достар қалай ойнайды?

  • Достар тату ойнайды.

  • Біз Артем екеуміз дос-пыз, та-ту ойнаймыз.

  • Біз-дің до-сы-мыз көп (балалар қайталайды).

Педагог мақал-мәтелді түсіндіреді.

«Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» .

Жаңа сөздерді естерінде сақтату: дос – друг, достар – друзья, тату – дружно, біздің достарымыз – наши друзья



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет