Дидактикалық ойын: «Өзіңнің досың туралы әңгімеле». Балалар өздері туралы және достары туралы әңгімелеу.
Менің атым – Наташа. Мен бес жастамын. Менің досымның аты – Сәуле. Біз тату ойнаймыз.
Менің атым – Артем. Мен бес жастамын. Менің достарымның аттары – Арлан, Рома. Біз достарымызбен татумыз. (Балалар қайталайды).
Сергіту сәті. Зеңгір көктем, нұрын төккен,
Ортақ біздің гүліміз,
Жайнап өскен, жайдары өскен, Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа, жолдастыққа Шақырады әніміз.
Тыныштықта, нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қарап, достар туралы шағын мәтін құра. Балалар қандай ойындар ойнайды?
Арманға достарымен кездесу үшін жолды табуға көмектес. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Қорытындылау, бағалау, мадақтау.
Біз бүгін не істедік? Сендерге не ұнады?
Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |