Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Таңертең тұр шынық, Еңбек ет те тынық.
Ешбір жалқау болма, Ауырмайсың сонда.
Ә.Тобылды
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Өткен «Мен және менің достарым» тақырыбы бойынша үйренген сөздерді қайталау. Ойын:
«Ыстық доп». Сұрақ-жауап алу. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Слайд: «Мамандықтар». Мамандықтарды суреттермен таныстырады. Бейнетаспа арқылы жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – ұшқыш. Мынау кім?
Мынау – ұшқыш.
Мынау – ғарышкер. Мынау кім?
Мынау – ғарышкер.
Мынау – дәрігер. Мынау кім?
Мынау – дәрігер.
Мынау – құрылысшы. Мынау кім?
Мынау – құрылысшы.
Мынау – сатушы. Мынау кім?
Мынау – сатушы. Балалар сөздерді қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |