№39
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Таңертең не істейміз?
Мақсаты: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру.
Білімділік міндеті: өз іс-әрекеттерін айта алуға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен
сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Шағын мәтіндер құрауға жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді айтады, сөйлемдерді, шағын мәтіндер құрастырады.
Түсінеді: тәулік бөліктері туралы ұғымдарды.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, үлестірмелі материалдар, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: таңертең тұрамын – утром встаю, бетімді жуамын – умываю лицо, тісімді тазалаймын – чищу зубы, жаттығу жасаймын – делаю зарядку, шашымды
тараймын – расчесываюсь, киімімді киемін – надеваю одежду, балабақшаға барамын – иду в детский сад.
Достарыңызбен бөлісу: |