Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?! Ойын ойнауға шақырады. Өткен «Тазалықты сүйеміз» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс.
Педагог заттарды атайды, балалар суреттерді көрсетеді. Балалар әр дұрыс жауап үшін
фишкадан алады,
соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Қуыршақ Сәуле балаларға тәулік бөліктерін атауды ұсынады. Балалар жауап береді: таң, күн, кеш, түн.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Арман мен Сәуле диалог жүргізеді.
Сәуле, сен таңертең не істейсің?
Мен таңертең тұрамын.
Таң-ер-тең- ң тұ-ұ-ұ-ра-мын. Таңертең тұрамын (айнамен жұмыс).
Бе-ті-і-ім-ді-і-і жуа-мын – бетімді жуамын.
Ті-с-і-і-ім-ді-і-і та-за-лай-мын – тісімді тазалаймын.
Ша-шым-ды та-рай-мын – шашымды тараймын.
Жат-ты- ғу жа-сай-мын - жаттығу жасаймын.
Ки-і-м-і-і-м-д-і-і-і ки-е-мі-і-і-н – киімімді киемін.
Содан кейін анаммен балабақшаға барамың.
Балалар қуыршақтардың (педагогтің) соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды. Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Үлестірмелі материалдардың көмегімен сөйлемді толықтырады.
Таңертең ... (тұрамын).
Бетімді ... (жуамын).
Тісімді ... (тазалаймын).