Сергіту сәті.
Таңертең тұрамын, Қолымды жуамын, Бетімді жуамын.
Тісімді тазалап,
Шашымды тараймын. Айнаға қараймын.
Дидактикалық ойын: «Мен бес сөз білемін». Берілген тақырып бойынша 5 сөз құрайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Арман таңертең не істеді? Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балалар сөйлем құрайды.
Арман төсегін жинады.
Арман жаттығу жасады.
Арман тісін тазалады.
Арман анасымен балабақшаға барады.
Ойын: «Мен не істегенімді айтпаймын, көрсетемін». Педагог жаттығу жасау, тамақ ішу, ән айту, билеу, сурет салу, ұйықтау дегендерді қимылмен көрсетеді, балалар не істегенін айтады.
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |