Жасайды: жаңылтпаш, жабайы жануарларды қайталайды. Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: жабайы жануарлардың қазақша атауын айтады, жай сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материалдар, үнтаспа, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: арыстан – лев, жолбарыс – тигр, маймыл – обезьяна, піл – слон, керік – жираф, үлкен – большой, ұзын – длинный.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Аулада» тақырыпты қайталау. Ойын: «Мен 5 үй құстарын білемін» үй құстарының атауларын қима суреттер арқылы қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан
алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |