Негізгі кезең
ТТШТ/ТРИЗ: «Бұл қандай жабайы жануар?» берілген суреттерден білетін жабайы жануарларды сипаттап табу.
Мынау қандай жабайы жануар?
Мынау – қоян. Бұл қоянның құлағы.
Мынау – қасқыр. Бұл қасқырдың аяғы.
Мынау – аю. Аюға бал ұнайды.
Мынау – түлкі. Бұл – түлкінің құйрығы. Кима материалдармен жұмыс.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – арыстан.
Мынау не?
Мынау – арыстан.
Арыстан үлкен.
Арыстан қандай?
Арыстан үлкен.
Мынау – жолбарыс.
Мынау не?
Мынау – жолбарыс.
Жолбарыс үлкен.
Жолбарыс қандай?
Жолбарыс үлкен.
Мынау – піл.
Мынау не?
Мынау – піл.
Піл ең үлкен жануар.
Піл қандай жануар?
Піл ең үлкен жануар.
Мынау – керік.
Мынау не?
Мынау – керік.
Керіктің мойны ұзын.
Керіктің мойны қандай?.
Керіктің мойны ұзын.
Мынау– маймыл.
Мынау не?
Мынау– маймыл.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды.
Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
І-і-і-і- піл-піл- піл.
І-і-і-і – керік – керік – керік.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы»: педагог орыс тілінде жануарларды атайды, балалар қазак тіліне аударады: лев, тигр, обезьяна, слон, жираф, медведь, дикие животные.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің.
Достарыңызбен бөлісу: |