Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет218/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   300
Байланысты:
null

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


    1. Суреттерге қара. Жабайы жануарларды ата. Не артық? Қорша.

    2. Не көріп тұрсың? Ата. Арыстанды боя.

    3. Жаңылтпаш жаттау.

Арыстан Арысқа Барса да, Арыстан ары

Алысқа бара алмайды.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Ойын: «Дауысынан таны»: үнтаспадан жабайы жануарлардың дауысын тыңдап, ажырату.


3. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.

– Саған не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.


№ 50


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: «Қазақстан барысы» ертегісі.

Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

Білімділік міндеті: ертегі арқылы сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.

Дамытушылық міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

Тәрбиелік міндеті: жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жасайды: жабайы жануарлардың қазақша атауын айтады, жай сөйлеммен жауап береді.

Түсінеді: ертегі мазмұнын және қарапайым сұрақтарды түсінеді.

Қолданады: тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материалдар, жұмыс дәптері, «Қазақстан барысы» ертегісінің бейнебаяны, фишкалар.

Билингвалды компонент: барыс – барс, борсық – барсук , жаттығулар жасайды – выполняет упражнения, жарыс – соревнование.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет