Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет237/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   300
Байланысты:
null

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1.Суретте не болып жатыр? Қандай мереке бейнеленген? Әңгіме құра. 2.Кім не істейді? Сәйкестендір. Сөйлем құра.

– Әжей не істеді?

– Әжей наурызкөже пісірді.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Ұлттық ойын: «Сақина». Ойынды бастайтын баланы санамақ арқылы анықтайды. Санамақ айту.

Бір, екі – Жердің беті.

Сары шымшық, Тез ұшып шық.

Балалар шеңбер болып қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Ойын бастаушының қолында сақина болады. Ол өз алақандарымен сақинаны балалардың алақандарын ашып салған сияқты боп, біреуінің алақанына салу керек.

Бәрін аралап өткен соң ортаға келіп: «Бір, екі, үш – сақинам ұш!» – дейді. Сонда қолында сақинасы бар бала тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина бар бала тұра алмаса, онда оның өзін жазалайды. Жаза әртүрлі болуы мүмкін:

жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.

3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.



– Сабақта қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген

білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет