Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет298/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   300

Он тақия


(Қазақ халық ертегісі)

Бірде Алдаркөсе тақия тігуді үйренеді. Тақияларының әдемі болғаны соншалық, «Өзіме тақия тіктірсем», – деген оймен жұрттың бәрі Алдардың үйіне ағыла бастайды.

Бір күні бай да келеді.

– Әй, Алдар, осы жұрт: «Сенен асқан ісмер жоқ», – дейді. Маған да бір тақия тігіп берсеңші, – дейді.


    • Неге тікпеске. Жарты метр мата, жүз теңге ақша берсеңіз, ертең-ақ дайын болады, байеке, – дейді Алдар.

    • Бай матасын беріп кетеді. Алдар ертең дайын болады деп байды шығарып салады.

Бай далаға шығып ойланады: «Бәлкім, мен оған көп мата берген шығармын. Мүмкін одан екі тақия шығатын шығар». Қайтадан Алдарға барып:

    • Осы жұрт сені нағыз ісмер дейді, андағы матадан екі тақия тіге алмайсың ба?

    • Байеке, екі тақия десеңіз екі тақия тігіп берейін. Тек үлгісін аздап өзгерту керек.

Бай тағы да ойланып-ойланып, Алдарға қайта барып, үш тақия тігуге тапсырма береді, ал Алдар бес тақия тігуге болатынына да келіседі.

Алдар өзін «алдап кетер» деген ой ұйқы бермей, бай ашуланып түн ішінде Алдарға тағы келеді.



    • Әй, Алдар, сенің ұятың бар ма, қалай ғана ұйықтап жатырсың?

    • Байеке, не болды? Мен не жаздым?

    • Не болды, не болды! Аңқаусыма! Айыбыңды бетіңе басам. Егер ертең мен берген матадан он тақия тікпесең, сотқа беремін. Абыройыңды айрандай төгемін, – деп қорқытады.

    • Жарайды, байеке, ертең дайын болады, – деп шығарып салады.

Ертеңінде бай тақияға келеді. Алдар кішкентай-кішкентай он тақия тігіп қойыпты. Бай:

    • Өй! Мыналарың кішкене ғой, қалай киемін, – деп таңырқай бастайды. Мен оны қалай киемін.

    • Байеке, сіздің берген матадан бір үлкен не он кішкене тақия шығады. Тақияларды кезекпен киесіз.

Бай он тақиясын алып қайтады. Сөйтіп, өзінің сараңдығының арқасында жұрттың күлкісіне қалады.

(Қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағынан)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет