Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Өзіңнің сүйікті ойыншығыңның суретін сал. Шағын мәтін құра.
Әр қатардан артығын тап. Қорша. Өз таңдауыңды түсіндір. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
«Сиқырлы қаламмен» жұмыс: Ойыншықтар.
Ойын: «Дұрыс ата». Ойыншықтарды атайды, қаламмен тексереді.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№8
Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: игерген сөздерін қолданып, шағын мәтін құру дағдыларын дамыту.
Білімділік міндеті: күз мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету. Қазақ тілінде
сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Жаңылтпашты жатқа және жылдам айта білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, сөздік қорларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |