Жасайды: күз мезгілі, күз айларын, шағын мәтінді, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: күз мезгілінің ерекшелігін.
Қолданады: қарапайым сұрақтарға жауап береді.
Алдын ала орындалатын жұмыстар: балалармен серуен кезінде бақылау жүргізуге қатысу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: күз айлары – осенние месяцы, қыргүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь, алтын күз – золотая осень, бұлт – облако.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, балалар!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Өткен «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыпты қайталау. Ойын: «Кім тапқыр». Педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес қима суреттерді көрсету.
Топтағы ойыншықтарды атап, сипаттау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |