46-жаттығу. 1. Берілген өлең шумақтарынан метонимияларды тап.
1. Уайым – ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
«Еһе-еһеrе» елірме, бозбалалар,
Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық.
2. Арғын – Найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының өзіне.
60
3. Бір кісі емес жазғаным, жайпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар ұқсаң жарар,
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
4. Кісіге қарап сөз салма,
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма,
Мұны жазған білген құл.
Әуламаһи Дауани.
5. Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой.
6. Ел бүлігі Тобықты
Көп пысыққа молықты.
Малдының малын көре алмай,
Борышын түгел бере алмай,
Көрінгенге обықты.
7. Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бәрі – жамау, бәрі құрау.
Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау.
8. Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
9. Үйі мәз боп, қой сойды.
Шүйіншіге шапқанға
Әуре қылды, салды ойды
Үйдегі тыныш жатқанға.
10. Әзілде тәңірім сорлы етті,
Арсыз елмен әуре етті,
Жалсыз үйде күңіретті.
Тағдырға білдік көнгенді.
/А.Қ. шығармалар жинағы/.
2. Метонимия дегеніміз не?
3. Уайым, сыңарлық, кемшілігі, шүйіншіге – деген сөздердің мағыналарын
түсіндірме сөздік бойынша талдап жазыңыз.
61
47-жаттығу. 1. Берілген өлең шумақтарынан синекдохаларды тап.
1. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық-қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
2. «Сұм-сұрқия-сұмдықпен еп берем» деп,
«Сүйер жансып, сүйкімді бет берем» деп.
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар «бас-аяғын тексерем» деп.
3. Қыран бүркіт не алмайды салса баптап?
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап,
Қыран шықса қияға жібереді,
Олар да екі құсын екі жақтап.
4. Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.
Арақ ішкен мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залаңды біле алмай жүр.
5. Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен біз қуардық,
Әйтеуір ақсақалдар айтпайды деп
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық.
6. Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт, хұрмет ете,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
7. Саудагер қашты бұл елден,
Несиесін жия алмай.
Бұралқылар сандалды, -
Жуандарға сия алмай.
8. Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін,
Көп надандар өзіне тартар бейім.
Арылмас әдет болды күлкішілдік
Ыржаң-қылжаң ит мінез дегендейін.
9. Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да.
Шыдайды риза болып жар ісіне,
62
Қорлық пен мазағына табынса да.
10. Әуелесін, қалқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылай-жырлай өлгенде,
Арттағыға сөз алсын.
2. Жамандар, мың күн қашып, әйтеуір, үлгісіз – деген сөздердің қай сөз
таптарына жататынын анықта.
3. Синекдоха дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |