Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет46/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
 
50-жаттығу. 1. Берілген сөйлемнен синекдохаларды тауып, түсіндіріңіз. 
1. Сол үшін де қылмыс салмағы, үй арасындағы ақсақал-қарасақалдардың 
бір ұшықтап жіберуінен-ақ біте салатын әдейі ұшықтырып ұзында еш қысқада 
кегін тап осы іспен ілектестіре қоздатқан пиғылы бар. 2. Райымбек лезде 
осындай түйінге келді. 3. Оны мұндағы жастар жағы болмаса, ата сақалы 
аузына біткендердің қай-қайсысы да сезіп түйіп отырғандай. 4. Отбасы, ауыл 
арасының күйкі күйкілжіңінен асып, елдік заманалық түйіндерді шешуге 
ауысты деп жүрген биді өз үйінің табалдырығына сүріндірсем жеңіске 
жеткенім, абыройын айрандай төккенім. Бердікейдің оңайлықпен жеңістік 
бермейтінін білдім де, бидайдың барар жері диірмен емес пе деп, келгенім – 
Қойайдар би, өзің болдың, - деп өмен би сәл сабасына түсті. 6. Жылы үйден 
шыққаным болмаса көппен жалғыз алысып, сендер үшін таң атқанша кеуірдек 
жыртысып шықтым дегенді білгізіп, өзімен-өзі басын шайқап, тамағын 
қаттырақ кенеп қояды. 7. Күңіренеді, күйзеледі, бірақ толғағы қатты тұмсырай 
ішке толған запыранды ақтарып шығара алмай қиналды. 8. Онда да жасы 
жеткен кәрі кемпірдей кеудесі қушиып, ортаға жаққан оттың түтіні бір ғана 
шаңырақтан шұбатылмай жыртық-тесігінің бәрінен бұрқырап, шығып жатқан 
жүдеу үйге емес, еңсесі биіктеу, түтіні түзу шығатын, есік алдында сүт 
тағамдық қажеттерден арттырылып, арқа қайнатуға жетерліктей кемінде бес-
алты бұзаулы сиыры бар үйді алыстан көздеп, ат басын бұрады. 9. Шал-кемпір, 
бала-шағалардың киімнен жүдеулігін, бүгежек-бүрсең қалпын көргенде солай 
болғанына өздері кінәлідей, әсіресе, елдің артқа мінер алып азаматтарының 
арқасын аяз қарығандай болады. 


64 
2. Лексикология қандай ғылым? 
3. Еңбек тақырыбына арналған 2-3 мақал жазып түсіндіріңіз.
 
51-жаттығу. 1. Берілген сөйлем іштерінен метафоралық жолмен 
жасалған сөздерді бір бөлек, метонимиялық жолмен жасалған сөздерді бір 
бөлек, синекдохалық жолмен жасалған сөздерді бір бөлек теріп жаз. 
1. Сол арқылы ата жауы құрып бітіп, ауын дауы ғана қалғандай содыр-
сотанақтарын жинап, шоқпар көтере жеткен Өмен бидің мысын басып, төзімін 
тауыса түскісі келгендей. 2. «Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса 
кетеді». 3. Тәуке хан тұсында қазақтың төбе билері бірігіп, шығарған көп 
дүниесін қолды ғып жіберіп, қарап отыра қоймас. 5. Алды-артын ойланып – 
толғанып уақыт оздырып тілдің майымен тойғызып, тыйып тастай ма деп, 
билерге, ақсақал абыздарға айтпадым. 6. Алғы күндер асуы мен өткелінің 
өткендегіден кем болмайтынын ой көзімен, зейін – зердесімен болжап-
пайымдап отырса да, көңілге көлеңке түсіргісі келмегендіктен Райымбек әңгіме 
бетін махаббаты мен мейірімі мол, ләззатқа толы дәл қазіргі шырын шаққа 
көбірек бұрғысы келеді. 7. Бұл кезде қыстың қысқа күні батып үйге шырақ 
жағылған. 8. Еңлік іркілмей қосылып екеуі «Елім-айды» қайталап шығарды. 9. 
Сондықтан неменеңе мәз болып қыс көзі қырауда дірдектеп далада жүресіңдер, 
одан да үйлеріңе келіп шаруаларыңды істеңдер. 10. «Тәуекел түбі – жел қайық, 
өтесің де кетесің» деп жұрт қостап-қолдады. 
2. Лексикологияның салалары қандай? 
3. Сөздің ауыспалы мағынаға ие болу себебін түсіндіріңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет