арқасымен атқа мінген әрі парақор Байсын мен Байжанды жек көреді екен. 5.
Жәнібек батыр жас уағында білім аламын деп Қаракерей Соқыр абыз деген
кісіге іздеп барған екен. 6. «Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, бір-екі ауыз
ақыл-білім алайын деп келдім» - дейді Жәнібек.
7. Ақ сүйектің баласы
Төренің бір міні бар.
8. Қас жақсының белгісі –
Әр мырза, әрі құл.
9. Көлде жүзген қоңыр қаз,
Шөл қадірін білмейді.
10. Қара жерге қар жауса,
Нұрлы көзің қарығар.
11. Бақ қонбайтын жігітке,
Іздегені дес болмас.
12. Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтасын,
Түнде жүріп, түс қашқаннан сақтасын.
«Шешендік сөздер» 2. Негізгі сөздер және көмекші сөздердің айырмашылығы қандай?
3. «Ассалаумағалейкум» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.
6-жаттығу.1. Төмендегі сөйлемдерден ауыспалы мағынада қолданып
тұрған сөздерді табыңыздар.
1. Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай бола алмапты. 2.
Дүние құрастырып, дәулет жинауға, сірә, ол кісінің қолы тимесе керек. 3. Бірақ
бай болмағанымен, кедейлікке бас иіп, құл да болмапты. 4. Ол ақылын азық,
асыл сөзін сусын етіп, дүниеден өткен адамдардың бірі екен. 5. Ел ішіндегі
ауыр хал мен хан өкілдерінің озбырлығын айтып, Жетес шешен Әбілхайыр
ханға бірнеше рет барады. 6. Бірақ хан сөзге құлақ аспайды, елдің тұрмысын
жеңілдету қамын ойламайды. 7. Қыпшақтың жас болыс, билері келіп, оның
көңілін сұрап, қолын алмайды. 8. Шиелі жеріндегі арғын Әйтеке болыс қыпшақ
елінің бір қанатын билеп тұрады екен. 9. Шаруасы төмен кедей болғанымен
өткір тілді, қисық істі көргіш әділ шешен Ыбырайды халық қатты сыйлайды
екен. 10. Бір жылы қыс ішінде орта жүзде бір ұлы жиын болып, әр елге сауын
айтылады. 11. Көңіл айтып жұбатқандардың сөзін құлағына ілмепті.
2. Сөздің көп мағыналығы деген не?
37
3. «Жақсы» деген сөздің антониміне бірнеше мақал жазыңыз және ол мақалдың
мағынасын түсіндіріңіз.