7-жаттығу. 1. Төмендегі үзінділерден мағынасы кеңейген я тарылған
сөздерді теріп жазып, сөз мағынасындағы мұндай өзгерістердің себебін
ашыңыздар.
1. Отбасының қуанышын қызықты өткізу үшін дастарқан мәзірін
дайындаумен қатар, тойдың мазмұн жағы ойластырылады. 2. Тойды ұзақ есте
қалдыру үшін айтылған тілектермен орындалған әндерді магнитофонға жазып
алу жағы күні бұрын ескеріледі. 3. Тілек бұрышы той өтетін залдың кіре беріс
жағынан оңашаланған бір ыңғайлы орынға әдемі етіп безендіріледі. 4. Тілек
жазу альбомы, қаламсап үстел үстіне қойылады. 5. Сол сияқты кейбір
отбасылары той көріністерін суретке, видиофильмге түсіріп алып, есте қалдыру
жайын ойластырады. 6. Егер әлде бір жағдаймен келе алмаса жеделхат арқылы
да құттықтауға болады. 7. Сонан соң асаба сайлап, қалған билікті соның қолына
береді. 8. Зейнеткерлікке шығарып салған кезде шопандарға ат мінгізіп, басқа
да бағалы сыйлықтар беріліп жүр. 9. Жаңа пәтерге көшу – әулеттегі ең
қуанышты кезең. 10. Қонақтарды дастарханға үй бибісі шақырады. 11.
Меймандықтың аяғына дейін отырсаңыз, үй иелерімен, басқалармен бірдей
қоштасып, жақсы өткізген кешіңіз үшін ризашылығыңызды білдіру керек.
2. «Лексикалық единица» - дегенді қалай түсінесіз?
3. «Аяулы» деген сөздің синонимін табыңыз және оған сөйлем құраңыз.
8-жаттығу. 1. Құрамында ауыспалы мағынада қолданылған сөздері бар
10 мақал-мәтел жазыңыз.
ҮЛГІ:
1. Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
2. Ауызға келген сөз арзан,
Ауылға келген бөз арзан.
3. Ақ сөз ащы болады.
4. Адам тілінен байланады,
Сиыр мүйізінен байланады.
5. Адам тілінен жазалы,
Мал мүйізінен жазалы.
6. Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
38
7. Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман адамның тілі ащы.
8. Бабадан сөз қалады,
Әкеден көз қалады.
9. Білім кілті – тіл.
10. Көңіл көзін сөз ашар.
11. Өнер алды – қызыл тіл,
Бірден соңғы мергеншіл.
12. Піл көтермегенді
Тіл көтереді.
«Өнер алды»
2. Грамматикалық мағына – дегеннің мәнін қалай түсінесіз?
3. «Бабадан сөз қалады», «Әкеден көз қалады» деген мақалдың мағынасын
түсіндір.
9-жаттығу. 1. Сөйлемдерден бір мағыналы және көп мағыналы сөздерді
тауып, көрсетіңіз. Олардың ішінен ауыспалы мағынада қолданыла келе, көп
мағыналы сөзге айналған сөздерді атап түсіндіріңіз.
1. Егер әкелген малын азырқанса немесе мал басынан кемістік тапса,
әкелген малын алмай, күйеуді кейін қайтарып жіберуге хақылы. 2. Тамырлар
қонақ болып түскенде, заттан әлде малдан ұнатқан қалауын сұрайды. 3. Осы
кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген.
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/.
4. Жерің ала болды,
Бұлтың шала болды.
5. Аймен амалдас емеспін,
Күнмен күмәндас емеспін.
6. Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен?
Жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен?
7. Қара нарға қалы кілем жауып бердім,
Арғымақ жылқының асылын тауып бердім.
8. Сырын білмей сыр айтпа,
Не деспесті біліпсің.
Қабырғадан қар жауса,
39
Атан сүйрер дөңбекті.
9. Сөз анасы құлақ,
Су анасы бұлақ.
Жол анасы тұяқ!
10. Жері сортаң, суы ащы,
Жер сорлысы сонда екен. /104-бет/.
«Шешендік сөздер»
2. Грамматикалық мағына деген не?
3. «Шеш көңілімнің жұмбағын» деген сөйлемдегі сөздердің мағыналық
ерекшеліктерін тауып көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |