74
Үзіліс кезіндегі шаралар да алдын ала белгіленеді.
Қандай
той болмасын, сыйлықсыз өтпейді. Сәби өскенде оған рухани
серік болсын деп шағын, «балалар кітапханасы», музыкалық аспап, түрлі
ойындар сыйға тартылады.
Егер жағдайы келіп жатса, ең жақын туыстары
сәбидің атына ақша салынған сақтық кітапшасын немесе балаға арнап лотерея
билетін сыйлайды.
Тойдың басталуына ғана емес аяқталуына да ерекше мән беріледі. Той
иелері қонақтарға өз қуаныштарына ортақтасып, бөліскені үшін
ризашылық
лебізін білдіріп, оларға да жақсы тілек-ниеттер айтады. Шілдехана сазында
ауыл ақсақалдарының бірі бата береді.
Кейбір ауылдық жерлерде той иелері жағдайы көтеріп жатса, ат жарысын,
жігіттер күресін және т.б. той ырым-жораларын ұйымдастырып жатады.
Осындай көңілді, сәні мен тәрбиелік мәні мол,
ішімдіксіз өткен
шілдехенелер еліміздің озық дәстүріне айналып халық өмірінде тұрақты орын
алып келеді.
/Қазақ халқының салт-дәстүрлері/.
1. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер қандай жолдармен жасалады?
2. Анатомиялық атауларға мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: