Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет59/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
 
Синонимдер сөздiгi. Синонимдер сөздiгiнде синонимдiк қатарлар 
берiлiп, әрбiр синонимдiк қатардың құрамындағы мәндес сөздердiң 
мағыналық ерекшелiктерi мен қолданылу ерекшелiктерi түсiндiрiледi. 
Синонимдiк қатардың құрамындағы сөздердiң сөздiкте орналасу тәртiбi, 
мысалы, қай сөздiң кейiн орналасуы, белгiлi бiр қағидаға негiзделедi. Сөздiкте 
синонимдiк қатардың iшiнен сол қатардағы сөздердiң жалпы мағынасын 
басқаларынан гөрi ашық-айқын бiлдiретiн сөз таңдалынып алынады да, 
синонимдiк қатардың ең басына қойылады, басқалары онан кейiн орналасады.
Сөздiкте синонимдiк қатардың құрамындағы өз ара мәндес сөздердiң 
әрқайсысының мағынасы талданылып, қолданылу аясы мен стильдiк қызметi 
түсiндiрiледi. Сөздiкте синонимдер неғұрлым жан-жақты талданса, олардың 
әрқайсысының қолданылу аясы мен қызметi неғұрлым кеңiнен баяндалса, 
сөздiктi пайдаланушылардың айтылатын ойға, сөйленетiн не жазылатын 
сөздiң стилiне синонимдiк қатардың құрамындағы сыңарлардың қайсысы 
қолайлы және дөп келетiнiн таңдап алуы үшiн тигiзер жәрдемi де соғұрлым 
мол болмақ. 


78 
Фразеологиялық сөздiктер. Фразеологиялық сөздiк белгiлi бiр тiлдегi 
әр түрлi фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын 
түсiндiредi. Бұл сөздiкте фразеологиялық оралымдар оларды құрастырушы 
сыңарлардың алфавит тәртiбi бойынша тiзiлiп, белгiлi бiр фразеологиялық 
оралым қанша сыңары болса, сонша рет қайталанып берiлген. 
Фразеологиялық сөздiк бiр тiлдiк түсiндiрме сөздiк түрiнде де, екi тiлдiк 
аударма сөздiк түрiнде де жасалады.
Аударма сөздiктер. Аударма сөздiктердiң екi түрi бар: оның бiрiнде 
белгiлi бiр шет тiлдегi сөздер мен фразеологизмдер ана тiлiне аударылып 
берiледi де, екiншiсiнде, керiсiнше ана тiлiндегi сөздер мен фразеологизмдер 
шет тiлге аударылады. 
Әр түрлi тiлдерде жасалған сөздiктердiң iшiнде ең көп кездесетiнi - екi 
тiлдi аударма сөздiктер. Аударма сөздiктер шет тiлдi оқып үйренуде, ол тiлдiң 
лексикасын меңгеруде, басқа тiлде жазылған әдебиеттердi аударуда айрықша 
қызмет атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет