Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет33/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95
        4-жаттығу.  1.  Төмендегі  сөйлемдерден  көп  мағыналы  /полисемия/ 
сөздерді  теріп  жазып,  олардың  мағынасын  анықтаңдар.  /«Қазақ  тілінің 
түсіндірме сөздігін» пайдаланыңдар/. 
 
        1. Ол – бір нәрсені естіп, көріп білдің, хан келді, қазір соған ұқсағандарды 
тексересің.  2.  Түгел  ұқсаған  ба?  Яки  бір  ғана  жерден  ұқсағандығы  бар  ма?  3. 
Және  әрбір  жақсы  нәрсенің  өлшеуі  бар,  өлшеуінен  асса,  жарамайды.  Өлшеуің 
білмек  –  бір  үлкен  керек  іс  «Ненің  қызығын  көп  іздесең,  соның  күйігін  бір 
тартасың» деген бұрынғы ғалымдар. 4. Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі 
қуат  мұнан  салсаң  онан  шығатын  бір  жорға  атпенен    тең.  5.  Құдай  табарака 
уатағаланың  барлығының үлкен дәлелі -  неше мың жылдан бері әркім әр түрлі 
сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа Һәм неше мың түрлі 
діннің  бәрі  де  ғаделет,  махаббат  құдайға  лайықты  дагендігі.  6.  Ол  бір-бірімен 
шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек 
әшекейлерден  құрастырылады.    7.  Мойынға  тағатын  әшекей  заттың  бірі  бой 
тұмар.  8.  Қазақ  ерлері  мен  әйелдері  бірдей  тұтынған  асыл  бұйымның  бірі  – 
белбеу. 9. Төл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, ішекке құйылып етпен бірге 
пісіріледі.  10.  Көгермей,  қызбай  бір  тегіс  кебу  үшін  өреде  жатқан  кезде  оны 
бірнеше рет аудастырады.  
  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 
   
2. «Лексика» дегеннің мәнін қалай түсінесің? 
3. «Уатағаланың» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, қазіргі тілдегі баламасын 
табыңыз. 


 
36 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет