Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет49/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
       30-жаттығу.  1.  Төмендегі  омоним  сөздердің  әр  түрлі  мағынасын  тауып, 
сөйлем құрап жазыңыздар. 


 
46 
ҮЛГІ:  1.  Мен  ақ  ат  көрдім.  2.  Сенің  атың  кім?  3.  Кеше  біз  Әуезов  атындағы 
театрда болдық. Би, бас, қара, түс, жаз, ана, ой, жар, арық, тер, жас. 
 
Қара – ірі мал 
Қара – алыстан бұлдырап, қарауытып көрінеді. 
Қара – хан, ақсүйектер, төре тұқымына жатпайтын жалпы халық. 
Қара – майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас. 
Қара – айыпты, кінәлі, қылмысты /адам/. 
Қара – жала, орынсыз айып. 
Қара – 1/ өлім-жітім, қайғы-қасірет, ылаң. 
Қара – қатыгез, қаныпезер, ұятсыз, пиғылы жаман адам. 
Қара  –  ең  жақын,  ең  қымбатты,  ең  аяулы.  Мысалы:  Көзімнің  ағы  мен 
қарасындай. 
1/  Осы  жеңістен  кейін  қазақ  халқы  Төлені  қатты  бағалады  және  Тәуке  хан 
Төлені  Ұлы  жүздің  бас  биі  етіп  сайлады.  Көктем,  жазда  басына,  Сары  қалпақ 
киеді. 2. Қара тайым мықты, қара бием сүтті. Қара таудың басында, Киік кетіп 
барады.  3.  Үш  жүздің  ынтымағы  ыдырап,  Ұлы  жүзбен  Орта  жүз  еліне  ойран 
салады. Жырыңды жауға туған  ел  азаттығы үшін  от Төле би  қол жиып, қарсы 
шабуылға  шықты.  Төле  би  1749  жылы  Тәшкент  билігін  тастап,  Түркістан 
ортадағы  Қаратас  деген  жерге  келіп  мекендегенде  86  жаста  екен.  4. 
Кемпірқосақ  жеті  түсті,  доға  тәрізді  атмосферадағы  оптикалық  құбылыс. 
Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, кемпірқосақ  «тікелей түскен күн сәулесінің 
жаңбыр  тамшыларынан  сынған  және  тамшы  бетінен  шағылған,  толқын 
ұзындығы  әр  түрлі  сәулелердің  дифракциялануы  мен  интерференциялануы 
нәтижесінде пайда болады». 5. Өз тілегі бойынша Нүрила со жазыққа жерленді. 
Бұрында бір жазушының «Жазбауға еркін қоймайтын нәрсе туралы жаз» дегені 
көңіліме дөп қонды. 6. Сонда Нүрбикеден туған Нүрила ана осы Закириддиннің 
бөлесі  болып  келеді.  Ана  тілің  арың  бұл,  ұятың  боп  тұр  бетте.  7.  Ондаған 
жылдар  бойы  зертелу  былай  тұрсын,  есімдерін  атауға  тыйым  салынып  келген 
айбарлы  хандарымыз,  дана  билеріміз,  ел  қорғаны  болған  батырларымыз, 
жоталы  жырауларымыз  ұлттық  тарихымыздан  өздеріне  тиісті  орындарын 
қайтадан  алуда.  Айту  келіп  маңдайын  Төле  бидің  көкірегіне  сүйеді.  Төле  би 
қолын соның арқасына салып тұрып, соңғы сөзін айтты. 8. Жар құшып бауыры 
күймеген,  ұл  сүйіп  еріні  тұнымас.  Жар  астында  тұрғанда,  жасырынып 
жауымыз?  9.  Жасы  кіші  демеңдер,  Ақылы  асса  аға  ғой.  Әр  он  жастың  арасын 
бір  белес  десек,  соны  неге  ұйғарып,  неге  баладыңыз?  10.  Ар  сатып  алған 
атақтан тер сатып алған мал артық. 
2. Омонимдес аффикстерді қалай атауға болады? 
3.  Аралас  омонимдерге,  яғни  көп  компонентті  омонимдерге  бірнеше  мысал 
келтіріңіз, олардың синонимін табыңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет