Қазақ тілі және әлем тілдері институты



бет6/8
Дата25.10.2022
өлшемі391,86 Kb.
#45311
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар

Оғыз қаған жыры


«Оғыз қаған» жырында сөз болатын оқиғалардың түпкі желісі заманымыздан бұрын да айтылып келген. Оғыз мемлекетінің дәуірлеген кезінде (ІХғ) жинақталып, кейінірек ХІV ғасырда хатқа түскен.
«Оғыз қаған» жырында бүкіл оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихында болған оқиғаларды бір адамның басына жинақтап береді. Қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру-тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады.
Жырда оғыздардың Көк тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататынын аңғаруға болады. Оғыздың Үрім қағанға (Византия) жорығын Көкжал бөрі бастап отырады. Оғыздың өзі көк өңді, әйелінің көзі көктен де көгіріек, шашы теңіз толқындай болып суреттелуі көк түсті қасиетті деп санаудан туған.
Оғыздың ақылшы-кеңесшісі Ұлық Түрк-Қорқыт ата, Тоңұқұқ, Бұқар сияқты жырау. Ол-ақ сақалды, ақ шашты, өнерлі, сәуегей кісі.
Жырда Оғыздың анасының аты-Айқаған, әкесі аталмайды. Түркілердің салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деп қосып айта берген (Ханзада бегім, Рабиға сұлтан бегім, Ай бегім, т.б.)
«Оғыз қаған» жырының құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді. Батырлық жырлардағыдай:
-қаһарманның тууы;
- өсіп-жетілуі;
-соғыс-жорықтары;
-еліне оралуы болып суреттеледі

Орхон ескерткіштері


Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.
Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет