Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет121/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Ағаштың құрылымы туралы түсініктерін дамытуды жалғастыру; "шырынды ағын" сияқты табиғи құбылыспен, таныстыру; қазақ тілін қабылдауды, қазақ тілінде өлең сөздерін нақты, дұрыс дыбыстауды, ағаштардың атауын еске сақтауды, аққайың құрылымының өзіндік ерекшеліктерін байқауды үйрету; Ізденімпаздылыққа, байқампаздылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөздіктеріне "тамыры", "діңі", "бұтағы", "шырынды ағын", "емен", "терек", "қарағай" сөздерін еңгізу; тақпақ жаттау арқылы сөздік қорларын арттыру.
Көктемгі ормандағы құстар әнінің аудиотаспасы.
Заттық демонстрациялық суреттер: терек, шырша, аққайың, қарағай, емен.
Демонстрациялық сурет ""Ағаштар"".
Ағаш құрылымының демонстрациялық суретті-сызбасы.
Орамал сыңайлы бүктелген, төртбұрышты қағаз беттің сурет-сызбасы.
Сурет негізінде есте сақтауға арналған сөздік жаттығуға қажет көңілді шеңбер ырғақты әуен аудиотаспасы.
Есте сақтауға арналған жаттығуға қажет сызбалы суреттер бөлімі: "Аққайыңдар сырғаларын тағынды ..."
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөз. "Қар еріді, су ақты,.." (Қ. Аманисалов) өлеңін мәнерлеп оқу.
Сурет бойынша сөздік жұмыс.
"Ағаштың құрылымы" суретті-сызба негізінде "ағаш" түсінігін модельдеуге арналған жаттығу .
Сөзді-ырғақты жаттығу. "Жау, жау, жаңбыр!".
Есту зейінділігіне арналған жаттығу. "Аққайың неге жылайды".
Мәтін мен сызбаны сәйкестендіруге негізделген сөйлеу тілін дамытуға арналған сөздік жаттығу. "Аққайың неге "жылайды"?".
Суретке негізделген есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Аққайыңдар сырғаларын тағынды ..."

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

"Й" дыбысы мен әрпімен таныстыру. Й дыбысы сөздәң ортасында және соңында кездесетінін ұғындыру, "Й" дыбысының айтылуын дұрыс меңгерту, Й дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге үйрету, көктем мезгіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Түйе", "қой", "ай", "сай", "қар ериді", "ағаштар бүршік атады", "көктемгі ағаштар" сөздерін пайдалану.
Й дыбысының профилі, бейнелі суреттер, айна, үлестірмелі материалдар т.б. «Й» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, түрлі суреттер, тапсырмалар, әріптердің кесіндісі, айна, түрлі-түсті қағаздар, әліппе дәптер т.б. постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Артикуляциялық гимнастика.
«Дәмді тосап».
«Ат шауып келеді».
«Грибок» «Саңырауқұлақ».
«Гармошка».
«Әткеншек».
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
«Жақсы–жаман» ойыны.
Жұмбақтар шешу.
Жаңылтпаштар.
Ойын жаттығу.
Тіл ұстарту жаттығулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет