Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі
|
Балаларда "туған жер" түсінігін дамыту; М.Төрежановтың "Адал дос" әңгімесінің мазмұнымен таныстыру; қазақ тілінде мәтінді тыңдау мен оқиға тізбегін байқау біліктіліктерінің дамуына әсер ету; қорқыныш, қайсарлық, әлсізге қамқорлық сияқты аспектілерді түсіндіру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағынала сөз табуға, сұрақтарға еркін жауап беруге жаттықтыру; жақсы әдеттерге дағдыландыру.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "ержүрек", "қайсар", "батыл", "адал" сөздерін еңгізу; "адал дос", "ашулы ит", "көше бойы", "ит адамның досы" сөз тіркестері, "Жақсы дос үшін жан пида" мақалы арқылы сөздік қорларын молайту.
Көңілді әуен аудиотаспасы.
"Туған жер" тақарыбына сәйкес демонстрациялық сюжетті суреттер бөлімі және тақырыпқа жанаспайтын суреттер.
Ойын ауласындағы шудың аудиотаспасы.
Демонстрациялық суреттер бөлімі: М. Төрежановтың "Адал дос".
Әңгіме желісі бойынша әңгімелесуге арналған пиктограммалар бөлімі:
- қорыққан бет әлпет;
- үлкен қорқыныш бет әлпеті;
- қуанған әл петі;
- езу тартқан бет әлпет;
- жымиған бет әлпет.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көше көлігі жайында кіріспе әңгімелесу.
М. Төрежановтың "Адал дос" әңгімесін мәнерлеп оқу.
Ым-ишара негізінде сөзді-ырғақты жаттығу "Итімай".
Пиктограммаларды қолдану негізінде әңгіме желісі бойынша әңгімелесуге арналған сөздік жаттығу.
Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбын құрауға арналған сөздік жаттығу. "Керісінше айт".
Сурет негізінде есте сақтауға арналған сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Жақсы дос үшін жан пида".
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі
|
"Э" дыбысы мен әрпімен таныстыру. Э дыбысы сөздің басында, ортасында кездесетінін ұғындыру, "Э" дыбысының айтылуын дұрыс меңгерту, Э дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге үйрету, "Жер-Ана" құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру, жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту, жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Электр шамы", "элеватор", "экскаватор", "экспресс" сөздерін пайдалану.
Э дыбысының профилі, бейнелі суреттер, айна, үлестірмелі материалдар т.б. «Э» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, түрлі суреттер, тапсырмалар, әріптердің кесіндісі, айна, түрлі-түсті қағаздар, әліппе дәптер т.б. постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, шарлар, күн суреті, смайликтер.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Артикуляциялық гимнастика
«Күрекше».
«Шәшке».
«Инеше».
«Төбешік».
«Түтікше».
«Сағат».
Сурет бойынша жұмыс.
Жұмбақтар шешу.
Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау.
Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э)
Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.
Дыбыстық талдау жасау. Кестемен жұмыс.
Экран сөзіне дыбыстық талдау жасау.
"Балық аулау" ойыны.
Сөздерге тиісті әріпті қою тапсырмасы.
Тыныс алу жаттығулары.
Тіл ұстарту жаттығулары.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |