Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет66/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Балаларды "Үш торай" ертегісімен таныстыру; сөздердің түрленуі, зат есім, сын есім, негізгі және туынды сөздер жайлы білімдерін дамыту; мезгілдік өзгерістер туралы, адамдар мен жан-жануарлар өміріндегі әртүрлі жыл мезгіліндегі ерекшеліктер жайлы түсініктерін дамыту; еңбектің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "алақай", "қыстау", "сабан", "кірпіш", "шыбық", "берік" сөздерін еңгізу; "үш торай", "жазда-ыстық, ал қыста-суық", "қане, үй салайық", "Қысқа дейін алыс! Үлгереміз!", "тез салды", "ұзақ салды". "Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла" сөз тіркестері арқылы сөйлеу қорларын арттыру.
Көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.
Орман жиегіндегі алаңқайдағы үш торайдың үйі бейнеленген демонстрациялық сурет.
"Үш торай"" ертегісінің мазмұны бойынша демонстрациялық суреттер:
Санамақ үшін орташа қарқындағы ырғақтың әуен аудиотаспасы.
Ертегі мазмұнын модельдеуге арналған суретті-сызбалар.
Мақалдың мағынасын ашатын сурет: шөп үстінде шана, күн; қар үстінде арба.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ертегіні мәнерлеп оқу. "Үш торай".
Сөзді ойын-санамақ. "Үш торай".
Суретті-сызба бойынша ертегі мазмұның модельдеуге арналған жаттығу. "Үш торай".
Лексикалық-ырғақты жаттығу. "Үйлер неден жасалған?"
Есте сақтауға сөздік жаттығу. "Есте сақта": "Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла".

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі



Балаларды "Түлкі және сұр қасқыр" ертегісімен таныстыру; айла, алдау, ашкөздік, ақымақтық, мейірімділік және жанашырлық сияқты қасиеттер туралы түсініктерін қалыптастыру; маусымдық өзгерістер туралы, жазда және қыстағы жануарлар, құстар, адамдар өмірінің ерекшеліктері туралы идеяларын дамыту; еңбек қажеттілігі және жағымды мінездің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту; мейірімділікке, еңбекқорлыққа, жомарттыққа, ертегілерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Ер адам", "әйел", "ойық", "үзеңкі", "бөшке", "жаға", "сезді" сөздерінің
мағынасын түсіндіру және сөздікке енгізу; "Қыс арбаңды сайла,
жаз шанаңды сайла" мақалымен сөздік қорларын байыту.
Ырғақты көңілді әуеннің аудио жазбасы.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, нұсқау
таяғы, интерактивті тақта.
Ормандағы боранның дыбыстық жазбасы.
Қысқы орманның демонстрациялық суреті.
"Түлкі және сұр қасқыр" ертегісінің сюжеті бойынша сөздік жұмысына
арналған мнемокарталар.
Шана қоңырауының дыбыстық жазбасы.
Көңілді, орташа жылдамдықтағы әуеннің аудио жазбасы.
"Түлкі және сұр қасқыр" ертегісінің сюжеті бойынша демонстрациялық
суреттер".
Аңдар мен құстардың жаздағы тіршілігін бейнелейтін суреттер.
Аңдар мен құстардың қыстағы тіршілігін бейнелейтін суреттер.
Мақалдың мағынасын түсіндіруге арналған суреттер: күн көзінде, шөптің үстінде шана; қар үстінде арба.
Әуеннің ырғақты, орташа қарқынының аудиожазбасы.
"Амандасу" жаттығуы,
"Түлкі және сұр қасқыр" ертегісінің сюжетіндегі мнемокарталардың негізінде ертегінің мәтіні бойынша сөздік жұмыс.
Ертегіні мәнерлеп айту. "Түлкі мен сұр қасқыр".
"Түлкі мен сұр қасқыр" ертегісінін кейіпкерлерінің жиі қайталанған сөздерін айтуға арналған ауызша ырғақты жаттығу.
Диалог негізінде "Түлкі және сұр қасқыр" ертегісінің мазмұнын құрастыруға арналған ауызша жаттығу.
Ойын негізінде табиғат құбылыстарын салыстыруға арналған сөздік жұмыс. "Қыста не істейді?"
Есте сақтауға арналған ауызша жаттығу. "Есте сақтайық": "Қыс арбаңды сайла. Жаз шанаңды сайла".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет