Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет82/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Тұрмыстық техника жайлы түсініктерін кеңейту, тұрмыстық техниканың адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру; "жеңіл - ауыр", "суық - ыстық" заттардың қасиеті жайлы түсініктерін бекіту; тұрмыстық техника туралы тақпақты мұқият тыңдап, таныс сөздерді тауып атауды үйрету; сөз тіркестеріндегі тұрмыстық техниканың қызметін бейнелейтін етістіктерді дұрыс айтуға жаттықтыру; сөз тіркестерін, антонимдық жұптар құрауға үйрету.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "тұрмыстық техника", "көмекші" сөздерін еңгізу; "тоңазытқыш", "шәйнек", "шаңсорғыш", "тоқ пеш", "кір жуғыш машина", "суытады", "жуады", "үтіктейді", "шаң сорады", "қайнатады", " адамға көмектеседі" сөздері мен сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.
Робототехника тақырыбына ырғақты әуен аудиотаспасы.
Кейбір тұрмыстық техникаларының дыбысы білдіретін аудиотаспа .
Демонстрациялық сурет: "Тұрмыстық техника".
Тұрмыстық техника түрлерінің демонстрациялық заттық суреттері: тоңазытқыш, шәйнек, шаңсорғыш, тоқ пеш, кір жуғыш машина.
Заттың қасиеті мен қалыбын сәйкестендіру үшін сөзді-практикалық жаттығуға арналған суретті-сызбалар.
- жартылай суға толған, шыны стақан: біреуі тұтас шыны, екіншісінің қабырғалары терлеген;
- қол саусақтары стақанның астынғы бөлігін, үстел деңгейінде жақын ұстау;
- үстелдің үстінде екі текше: бірдей көлемді пластикалық және ағаш екі текше;
- бір қолда пластик текше жоғары көтерілген, екінші қолда ағаш текше төмен орналасқан;
Заттардың орналасуын бағдарлау үшін оң, сол жаққа бөлінген жұп суреттер.
Үстел үстінде суық және жылы су құйылған екі стақан, пластик және ағаш екі жұп текше.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ырғақты сәт.
Сурет бойынша сөздік жұмыс. "Тұрмыстық техника".
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Есте сақтауға арналған сөздік-дамытушылық жаттығу. "Таныс сөзді тап".
Ым-ишара негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Біздің үйдегі көмекшілер".
Антонимдық жұп құрау негізінде сөзді-практикалық жаттығу. "Жеңіл - ауыр. Суық - ыстық".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет