Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет25/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі



Балалардың көлік түрлері, олардың ерекшеліктері мен қозғалыс ортасы туралы білімдерін кеңейту; "қала", "ауыл", сондай-ақ, "аз" и "көп" мөлшерлік ұғыдарын, "тез - баяу" әрекет белгілерін, қарт адамдарға деген құрмет пен қамқорлық түсініктерін дамыту.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "әуе көліктері", "жер үсті көліктері", "су жолы көліктері", "қала, ауыл" сөздері мен сөз тіркестерін еңгізу; "қалада көп", "ауылда аз", "Ата, отырыңыз.., біз қалаға тез барамыз" сөз тіркестері мен сөйлем арқылы сөздіктерін арттыру.
Интерактивті тақта, көрнекіліктерге арналған тақта, көрсеткіш.
Демонстрациялық сурет: ата, Алан мен Дана.
Демонстрациялық сурет тех. орта: жер, әуе, су.
Көлік түрлерінің демонстрациялық заттық суреттері: жеңіл машина, мотоцикл, велосипед, автобус, ұшақ, тікұшақ, кеме, қайық.
Көлік түрлерін ерекшеліктері мен қозғалыс ортасына қарай, топтастыруға арналған сызбалық суреттер.
Ауыл мен қала бейнеленген демонстрациялық суреттер.
Орташа қарқынды, ырғақты әуен аудиотаспа.
Көлік түрлері бейнеленген таратпалы заттық-суреттер:жеңіл машина, мотоцикл, велосипед, автобус, ұшақ, тікұшақ, кеме, қайық.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ғажайып сәт. Тақпақты мәнерлеп оқу.
Заттарды ортақ қасиеттері бойынша топтастыруға арналған сөздік жаттығу. "Жер үсті, су жолы, әуе көліктері".
Ым-ишара негізінде сөзді-ырғақты жаттығу. "Қане, көрсет".
Сәйкестендіру негізінде сөйлем модельдеу жаттығуы "Қалада көп, ауылда аз".
Ойын-жағдайят негізінде "Біз қалаға тез жетеміз" сөйлем модельдеу жаттығуы.



Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі



Балалардың көлік түрлері және олардың қозғалу тәсілдері мен орталары туралы білімдерін кеңейту; қоғамдық көліктегі ережелермен балаларды таныстыру; қала мен ауылдың көріністері мен олардың айырмашылығын ажыратуды үйрету; "аз" және "көп" ұғымдары туралы түсініктерін дамыту; сыпайы мінез-құлық мысалдарымен, ар-намыс туралы мақалдармен таныстыру, "құрмет" сөзінің мағынасын түсіндіру; балаларды үш ортада (жер, ауа, су) қозғалу тәсілдеріне сүйене отырып, үш түрге жіктеуге үйрету; ұқыптылыққа, сыпайылыққа, қарттарға қамқор болуға, қоғамдық көлікте орын беруге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "жолаушы", "жақсы іс", "тұтқалар", "отыру" сияқты сөздерді енгізу; "жер үсті көлігі жерде жүреді", "су көлігі суда жүреді", "әуе көлігі ауада ұшады" деген тіркестер мен сөйлемдердің және "арыңды жасыңнан сақта" мақалының көмегімен белсендіру.
Интерактивті тақта, көрнекіліктерді көрсетуге арналған тақталар, нұсқау таяғы.
Ортаның демонстрациялық суреттері: жер, ауа, су.
"Жер үсті көлігі" схемасы: жеңіл автомобиль, велосипед, мотоцикл, жүк көлігі, трактор, автобус, пойыз.
"Су көлігі" схемасы: пароход, кеме, желкенді қайық, қайық, сүңгуір қайық.
"Ауа" схемасы: ұшақ, реактивті ұшақ, ауа шары, тікұшақ.
Орташа және жылдам ырғақтағы әуендерінің аудио жазбалары.
Демонстрациялық сурет:автобус ішіндегі салоны.
Дос балалардың стадионға қалай бет алды" әңгімесі бойынша сюжеттік суреттер сериясы.
Әуеннің ырғақты, орташа қарқынды аудиожазбасы.
Жүргізушінің қалпақшасы, рульдің макеті, кондуктордың сөмке-қалтасы.
Көлік түрлері бейнеленген үлестірмелі тақырыптық суреттер
Балалар саны бойынша автобус билеттері (карточкалар).
"Амандасайық" жаттығуы
"Интеллектуалды карта негізінде көлік түрлерін жіктеу бойынша ауызша жаттығу. "Жер, су, әуе көлігі".
Суретке негізделген әңгіме мазмұны бойынша сөздік жұмыс.
Суреттерге негізделген оқиғаны мәнерлеп оқу. "Батырбек пен Жалғастың стадионға баруы".
Сергіту сәті. "Жүргізуші".
Салыстырмалы диалог негізінде сөйлем құрау жаттығуы."Қалада және ауылда не көп, не аз?".
Ойын жағдайына негізделген сөйлемдерді құрастыру жаттығуы. "Автобуста қалай жол береміз".
Есте сақтауға арналған ауызша жаттығу."Есте сақтайық": "Арыңды жасыңнан сақта".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет