Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі
|
Балалардың еліміздің негізгі байлықтары туралы білімдерін кеңейту; "байлықты" дұрыс атауды қолданылу аясы туралы түсініктерін нақтылау.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "байлық", "мұнай", "көмір", "кен" сөздерін еңгізу; сөздіктерін "Суды ішеді, құяды, суғарады", "Бидайды себеді, шабады, тартады", "Көмірді өңдіреді, жағады, жылу береді", "Мұнайды өңдіреді, бензин шығарады, пластикалық ойыншықтар жасайды", "Кенді өңдіреді, балқытады, үй, көпір тұрғызады" сөйлемдері арқылы сөздік қорларын молайту; 5 дейін тура, кері санауға жаттықтыру.
ҚР Мемлекеттік Әнұран аудиотаспасы.
Слайд-шоуға суреттер: Қазақстан картасы, таулар, өзен, дала, орман, шөл, теңіз, Нур-Сұлтан, Бәйтерек, Ханшатыр, Ақорда.
Қазақстанның байлықтарын бейнелейтін суретті-фишкалар: "су", "бидай", "көмір", "мұнай", "кен".
Қазақстан туралы әңгімеге қосымша суреттер.
Сөздік жұмыс үшін мнемокарточкалар.
Баяу қарқынды әуеннің аудиотаспасы.
Қазақстанның байлықтары жайлы сөйлем құрауға мнемокестелер;
Тура және кері санау үшін сызба-суреттер:
- солдан оңға қарай қатар, Қазақстанның бес байлығы: су - бидай - көмір - мұнай - кен;
- екі қатар: Қазақстанның бес байлығы бейнеленген әр фишканың астында 1 ден 5 дейінгі цифрлар.
Таратпалы пішінді фишкалар: "су", "бидай", "көмір", "мұнай", "кен".
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет бойынша әңгіме. "Қазақстанның бес байлығы".
Пішінді фишкалар мен мнемокарточкаларға негізделген сөздік жұмыс. "Қазақстанның бес байлығы".
Топшаларда немокестеге негізделген сөйлем модельдеуге арналған жаттығу. "Көрме "Қазақстан байлықтары".
Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу "5 дейін тура және кері санау".
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Достарыңызбен бөлісу: |